Алматыда жігітімен ұрысқан бойжеткен оқыс оқиғаға ұшырады

Алматыда жігітімен ұрысқан бойжеткен оқыс оқиғаға ұшырады

Алматыда 20 жастағы бойжеткен көпқабатты үйдің 10-қабатынан құлап, ауыр жарақат алды, деп жазады Democrat.kz 

Оқиға өткен түні Алматы қаласының Алатау ауданындағы тұрғын үй кешендерінің бірінде болған. Қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, бойжеткен 10-қабаттан құлап, алдымен бірінші қабаттағы темір қалқаға соғылған, кейін жерге құлаған.

Зардап шеккен қыз жедел түрде ауруханаға жеткізілген. Дәрігерлер оның өмірін аман алып қалу үшін қажетті ем-дом шараларын жүргізіп жатыр. Қазіргі уақытта оның жағдайы ауыр деп бағалануда.

Алдын ала мәліметке сәйкес, қайғылы оқиғаға дейін бойжеткен мен жігіті арасында жанжал болған.

Қазір аталған оқиғаға байланысты барлық мән-жай анықталып, тиісті тексеру жүргізіліп жатыр.

Барлық жаңалықтар