Алматыдағы қанға боялған пәтер: онда не болған?

Алматыдағы қанға боялған пәтер: онда не болған?

Алматыда пәтерін жалға беріп, кейін тексеруге келген үй иесін төңкерілген жиһаз, сынған ыдыс-аяқ және қабырға мен едендегі қан іздері үрейлендірді. Полицейлер тексеріс жүргізіп, пәтерде не болғанын айтты, - деп Democrat.kz. Tengrinews.kz -ке сілтеме жасап.

Не болған?

Желіде пәтердің видеосы жарияланды. Кадрларда үй ішінде қырғын болғандай көрініс байқалады: жиһаздар төңкерілген, ал қабырғалар, еден, есікте

Полиция пікірі

Алматы Полиция департаменті пәтерде ауыр немесе аса ауыр қылмыс жасалмағанын мәлімдеді.

"Оқиға Бостандық ауданындағы пәтерлердің бірінде болғаны анықталды. Тұрғын үйде апалы-сіңілі қыздар болған. Сынған шыны бөтелке біреуінің аяғын кесіп кеткен. Оқиға орнындағы қанды іздердің көп болуы дәл осы жарақатқа байланысты", - деп хабарлады ведомство.

Сондай-ақ полиция өкілдері олармен профилактикалық түсіндіру жұмыстары жүргізілгенін айтты.

Барлық жаңалықтар