Әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың тоқалы атанған Айман Талғатқызы оқырмандарының түрлі сұрақтарына жауап беріп, жеке өміріне қатысты да жайттарды айтты деп жазады Democrat.kz.
Тұрсынбек Қабатовтың қазіргі жары Айман Талғатқызы әлеуметтік желіде оқырмандарының "қай рудансыз", "үлкен балңыздың жасы нешеде", "18 жасар қыздарға қандай ақыл бересіз", "бала тәрбиесіне қатысты не айтасыз", "бұрын тұрмыста болғансыз ба", "неге екінші әйел болуға келістіңіз", "сұхбат бересіз бе", "күйеуіңізбен ренжісесіз бе", "үшіншісіне кетем десе, не істейсіз" деген сұрақтарына жауап берді.
Найман руынан екенін айтқан Айман үлкен ұлының 9 жаста екенін, 18 жасар қыздарға идеал адамды іздеуге тырыспауды, балалар үшін жауапты екенін және ешқандай сұхбат беру туралы жоспары жоғын айтты.
Мұнан бөлек, Айман Талғатқызы бұрын тұрмыста болмағанын, егер күйеуі үшіншіге кететін болса, есіктің қайда екенін білетінін жеткізді.
Ал неге отбасылы еркектің екінші әйелі болуды таңдадыңыз деген сұраққа "негізі Швейцарияда тұруды таңдағанмын" деп жауап берді.




