Нұрлан имамның қызы Әнипаның жазбасы елді елеңдетіп қойды

Нұрлан имамның қызы Әнипаның жазбасы елді елеңдетіп қойды

Танымал діндар Нұрлан имамның қызы әлеуметтік желідегі парақшасында жүрекжарды жазба жариялап, оқырмандарының ыстық ықыласына бөленді деп жазады Democrat.kz.

Әнипа Нұрланқызы өзін туған күнімен құттықтап, осы жасына дейін өмірінде қандай өзгерістер болғанын айтты.

"Бүгін 22 жасқа толдым. Өмірімнің 21 жылы артта қалды. Кейде уақыттың қалай өткеніне өзім де таңғаламын. Кеше ғана бала сияқты едім, ал бүгін өткеніме қарап ой түйетін жасқа келіппін.

Осы 21 жылдың ішінде қаншама нәрсе өзгерді. Өмірге деген көзқарасым, адамдарға деген түсінігім, арманым, тіпті өзім де өзгердім. Әр жыл сайын жаңа бір Анипа дүниеге келгендей болады. Қазір өткен жолыма қарасам, өмірімдегі әрбір қиындық, әрбір сынақ, әрбір көз жас менің бүгінгі болмысымды қалыптастырды. Уақыт өте келе Алланың әр нәрсені өз орнымен, өз уақытында орналастыратынын көрдім.

Мені қуанышқа бөлеген, жан дүниемді шүкіршілікке толтырған ерекше жыл болды. Алла маған тек сұрап жүрген нығметтерімді ғана емес, тіпті ойыма да келмеген жақсылықтарды нәсіп етті.

Кейде күтпеген жерден келген қуаныштарға қарап, Алланың құлына деген мейірімі шексіз екенін тағы да сезіндім. Армандаған дүниелеріме бір қадам жақындадым, ал күтпеген сыйлар өмірімнің ең көркем естеліктеріне айналды.

Сондықтан өткен жылыма қарап, жүрегіме тек шүкіршілік ұялайды. Өйткені бұл жыл маған бақыттың, берекенің және Алланың шексіз қамқорлығының дәмін сездірді", - деп жазды Әнипа Нұрланқызы. 

Әнипаның оқырмандары оны туған күнімен құттықтап, игі тілектерін жазуда. 

Барлық жаңалықтар