Алматыны афтершоктар айналып жүр

Алматыны афтершоктар айналып жүр
ҚР ТЖМ «Сейсмологиялық байқау және зерттеулер ұлттық ғылыми орталығы» ЖШС сейсмикалық станциялар желісімен 2 жер сілкінісі тіркелді деп хабарлады. 2024 жылғы 31 қаңтарда сағат 11:13-те жер сілкінісінің эпицентрі Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 260 км жерде Қытай аумағында орналасқан – афтершок. Сезгіштігі туралы мәліметтер (МЅК-64 шкаласы бойынша): Қазақстан аумағында сезгіштігі жоқ. 2024 жылғы 1 ақпанда сағат 01:21-де жер сілкінісінің эпицентрі Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 525 км жерде Қытай аумағында орналасқан – афтершок. Сезгіштігі туралы мәліметтер (МЅК-64 шкаласы бойынша): Қазақстан аумағында сезгіштігі жоқ. Жағдай тұрақты. ТЖМ азаматтарға сабыр сақтап, дүрбелеңге берілмеуге кеңес береді. Фото ашық дереккөзден алынды.  
Барлық жаңалықтар