Алтынай Жорабаеваның қазіргі күйеуі өгей қызына арнап жазба жариялады

Алтынай Жорабаеваның қазіргі күйеуі өгей қызына арнап жазба жариялады

Әнші Алтынай Жорабаеваның жолдасы Әлішер әлеуметтік желідегі парақшасында ерекше жазба жариялап, өнер иесінің бірінші некесінен туған қызына ақ тілегін арнады, деп жазады Democrat.kz.

"Бақытты болыңдар, балапандарым", – деп жазды ол.

Алтынай Жорабаева да жолдасымен бірге ортақ жазба жариялап, қызына жүрекжарды тілегін жеткізді.

"Қызым, сен қайда жүрсең де, біздің дұғамыз әрдайым сенімен бірге. Барған жеріңде бағың жансын, жүзіңнен күлкі кетпесін, отбасыңның берекесі болып, ұрпағыңның қызығын көр. Алла екі дүниенің бақытына кенелтсін. Әмин", – деп жазды әнші.

Желі қолданушылары ерлі-зайыптылардың бұл жазбасына жылы лебіздерін білдіріп, жас жұбайларға ақ тілектерін жаудырған.

Барлық жаңалықтар