"Аңғарбай" рөліндегі актердің аянышты өлімі туралы білесіз бе?

"Аңғарбай" рөліндегі актердің аянышты өлімі туралы білесіз бе?

Қазақтың талантты азаматтары туралы керемет естеліктер жариялаушы Әсет Ақмолданың кезекті естелік жазбасы оқырмандарының көзіне жас толтырды деп жазады Democrat.kz.

"Бұл талантты актерді көпшілік Аңғарбай бейнесі арқылы жақсы таниды. Табиғаты комедиялық рөлге сұранып тұрғандықтан болар, Аңғарбай кейпі жоғарғы деңгейде орындалып, «Шабандоз қыз» фильмінің көркемдік желісін құлпырта түскен еді.

Театр мен кинода аянбай тер төккен, өзіндік дара шеберлігімен түрлі кейіпкерлерге жан бітірген актердің есімі – Мүлік Сүртібаев.

Айтпағым, фильмде бақытты көрінетін өнер иесінің тағдыры трагедияға толы болған. Актердің бауыр еті болған төрт ұлының бірінің соңынан бірі бақилық болғандығына қалайша жүрегің селт етпейді...

Өмірлік жары, М.Әуезов атындағы театрда бірге қызмет еткен саxналық серігі, жанындай жақсы көрген жұбайы Әйкен Мұсабекқызының да ерте о дүниелік болуы Мүлік ағамыздың қайғысына қайғы жамаған екен.

Осылайша жалғыздықтан құлазыған Сүртібаев жанына жұбаныш іздеп, күнде театрдан шықпайтын болыпты. Сондай күндердің бірінде, кешкілік «Қилы заман» спектаклінің талқылауынан шыққан актер әдеттегідей үйіне қайтады.

Асықпай, кібіртіктеп, жолды кесіп өтіп, көшенің арғы бетіндегі аялдамасына жете бергенде әлдебір жас жігіт желдей ескен көлігімен қағып, мерт қылады. Не деген қырсықтық... Неткен өкінішті өлім..."деп жазды Әсет Ақмолда. 

Барлық жаңалықтар