Әнші Абай Бегей отбасы туралы маңызды мәлімдеме жасады

Әнші Абай Бегей отбасы туралы маңызды мәлімдеме жасады

Әнші Абай Бегей Threads желісінде өзі туралы жарияланған материалға ашық наразылық білдірді. Өнер иесі күйеу балаларымен қарым-қатынасы жақсы екенін айтып, өзгенің отбасы мәселесін қозғауды сынады, деп жазады Democrat.kz.

Абай Бегей Threads парақшасында Paryz.kz жариялаған материалдың скриншотын бөлісіп, оған қысқа, бірақ өткір пікір қалдырған.

«Ұят қой бұл... Мен күйеу балаларыммен жақсы қарым-қатынастамын! Біреудің отбасыларында не шаруаларыңыз бар?» — деп жазды әнші.

Оның наразылығына себеп болған материалда Абай Бегейдің күйеу балаларымен араласпайтыны туралы тақырып берілген.

Әнші мұны жоққа шығарып, отбасылық қарым-қатынасын көпшілік талқысына салмауды талап еткен.

Жазбаның астындағы пікірлерде де жұрт екіге бөлінген.

Бір топ қолданушы әншіні қолдап, отбасы ішіндегі жағдайды сырттан болжап, дауға айналдыру дұрыс емес екенін жазған.

«Отбасының ішкі жағдайын сырттан ешкім толық білмейді», «Өздері жақсы араласып жүрсе, неге арасына сөз қосады?», «Әр отбасының өз әңгімесі бар, оны халық талқысына салудың қажеті жоқ» деген сарындағы пікірлер айтылған.

Тағы бір бөлігі танымал адамдардың жеке өмірі көпшілік назарында болғандықтан, мұндай тақырыптардың тууы заңды екенін алға тартқан.

Абай Бегейдің отбасы бұған дейін де бірнеше рет жұрт назарында болған. Әнші үлкен қызымен арадағы қарым-қатынасы туралы ашық айтып, кейін татуласқанын да әлеуметтік желіде бөліскен еді. Бұған дейін ол тұрмысқа шыққан қызына арнап әсерлі жазба жариялап, күйеу баласына жылы тілек білдірген. 

Сондықтан әншінің қазіргі жазбасынан оның өз отбасы туралы сырттан жасалған болжамдарға қарсы екені анық байқалады.

Абай Бегей бұл жолы да мәселені ұзақ түсіндірмей, бір-ақ ауыз сөзбен түйіндеген:

«Мен күйеу балаларыммен жақсы қарым-қатынастамын».

Барлық жаңалықтар