Танымал әнші Алтынай Жорабаеваның қызы Айнараны ұзатып, той жасап, үлкен құдалық атқарғаны мәлім. Сол тойда тілек айтқан әншінің қыздары көпшіліктің назарына ілікті деп жазады Democrat.kz.
Еске салып өтейік, әнші Алтынай Жорабаева екінші қызы Айнараны қолдан ұзатып, дүркіретіп той жасады. 15 млн теңге қалыңмалы берілген Айнараның ұзату тойы да ел назарынан тыс қалмады.
Айнараны ұзату кезінде ортаға тілек айтуға шыққан әпке-сіңлілері жұрттың жүрегін елжіретті. Алтынай Жорабаеваның үлкен қызы: "Айнара Батырханмен танысқаннан кейін ең бірінші менен рұқсат сұрап, алдымнан өткен.
Кейін екеуі үйленетін болғанын естігенде, біз қатты қуандық. Айнара, Батырхан, Алла екі дүниенің бақытын көруді жазсын", - деп тілек білдірді.
Ал Алтынай Жорабаеваның кіші қызы әпкесіне тілегін жеткізе алмай, көз жасына ерік берді. "Бақытты болыңдар" деуге шамасы әрең жеткен Айнараның сіңлісі әпкесін қимай, жылап қалды.
Бұл видеоны көрген жұрт "Алтынайдың қыздары өте тәрбиелі" деп раз болып, сүйсініп жатыр.