Танымал әнші, мәдениет қайраткері Сәкен Майғазиевтің келіні Әдия Instagram парақшасында өзінің өміріндегі маңызды жаңалығын бөлісті. Ол сүйіктісі Әділетпен заңды некеге тұрғанынмәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Қайырлы күн! Бүгінгі маңызды сәтті 08.08 күніне әдейі келістіріп, асыға күттік», – деп жазды Әдия Stories бөлімінде.
Бұл хабарлама жарияланған сәттен бастап әлеуметтік желіде кеңінен тарады. Көптеген оқырман жас жұбайларды құттықтап, жылы лебіздерін жолдады.
Әлеуметтік желідегі реакция
Желі қолданушыларының басым бөлігі:
- «Құтты болсын! Бақытты болыңдар»,
- «Қандай керемет жаңалық! Алла тіл-көзден сақтасын»,
- «Хайырлы неке болсын! Жарқын болашақ тілеймін» деп жүрекжарды тілектерін білдірді.
Алайда кейбір пікірлерде таңданыс та байқалды:
- Сонда осы уақытқа дейін некеде болмадыңдар ма?
- Екі айдай некесіз бірге тұрғансыздар ма?» – деп сұрақ қойғандар да болды.