Атырау облысында болған бір отбасының қайғылы оқиғасына байланысты өтіп жатқан сотта күдікті Сұлтан Сәрсемәлиевтің бұрынғы әйелі Ақбаян Мұқанғалиеваның тергеуде берген жауаптары тыңдалды деп жазады Democrat. kz.
Ақбаян Мұқанғалиеваның тергеуде айтқан сөздері бейне таспа арқылы сотта көрсетілді.
Журналист Жұлдыз Қайратованың желіде бөліскен сол видеосын көргендер қорыққандарын, уайымдарын жасырмады.
Видеода Ақбаян Мұқанғалиева "ата-анам ауылда. Бауырыммен сөйлескенде айтты ғой солай деп" дейді. Сонымен қатар ол тергеушінің "бүгін қай жыл, қандай күн, қай ай" деген сұрағына "білмеймін" дейді.