Марқұм Ақнәрдің анасы Гүлстан Хамит 2024 жылы шілдеде Алматыда көпқабатты үйдің терезесінен құлап қайтыс болған қызының ісіне қатысты әділдік іздеп жүр. Бұл жолы өзіне мәлім сұмдық-шындықтарды айтып, видео-үндеу жасады деп жазады Democrat.kz.
Гүлстан Хамит өзінің желідегі парақшасында қызының өліміне қатысты қолда бар дәлел-дәйектерді алға тартып: "Қайғылы оқиға болған түні олар қызым Ақнәрді аунатып, екі аяғынан ұстап тұрып, 7-ші қабаттың балконынан лақтырып жіберген.
Екі жыл бойы әділдікке қол жеткізе алмай келемін. 2024 жылы оқиға болған түнде сол маңайда болған камералардағы көріністерді жинастырып, қарағанымызда, Ақнәр жерге құлаған сәтте сол маңайдағы "Мармарис" кафесіндегі және "Магнум" және басқа дүкендердегі 40-50 шақты адамдар сол жерге бір сәтте жиналғанын көруге болады.
Демек, біраз уақыт бұрын айғайй-шу, шаң-шұң болғаны белгілі. Адамдар соған қарап тұрған. Ақнәрді лақтырып жібергенін көргендер де бар. Алайда тергеушілер сол куәгерлерге қысым жасағаны туралы да мәліметтер бар.
Ақнәрді сол түні шашын жұлған, тырнағын жұлған, қылғындырып, қинаған. Екі қыз екі жақтап, әбден қинап, ең соңында аунатып, балконнан лақытырп жіберген. "Мен қазір сені лақтырып жіберемін" деген аудиолары да бар", - деп әділдікке қол жеткізетініне сенім білдірді.