Танымал продюсер Баян Алагөзова әлеуметтік желідегі парақшасында "оқырманнан келген суреттер" деп, бірнеше ЖИ көмегімен жасалған суреттер бөлісіп, онысы қызу талқыға түсті деп жазады Democrat.kz.
Суретте Баян Мақсатқызының кеудесіне депутаттың төсбелігісін тағып, ресми кабинетте отырғанын көруге болады. ЖИ көмегімен жасалған осы сурет әлеуметтік желіде қызу талқыға түсті.
"Аша мен Тамараның орнына Баянды қолдаймын", "Өте өткір,бір сөйлейтін адам.Елдің жанашыры,қамқоршысы.Президент болса да қолдар едім.Оған байлық керек емес(өзі бай),елдің қазынасына қолын салмас еді.Депутаттарды тәртіпке салар еді,елге көп көмегі тиер еді", "Екі аяқ, екі қолымды көтеріп тұрып қолдайтын едім. Сіздей адам үкімет басына келсе Қазақстанда қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған ел болатын едік", "20-30 депутаттың жұмысын ұйықтамай бірөзі атқарып тастайтын ,жан -жағына жалтақтамай ,тура бетке айтатын ,халқым дейтін азаматша деп ойлаймын өз басым,халықтың қалтасына қол сұқпайтын шығар ,қарны тоқ қой деееееееп ойлап отырмын, халқым ,қазағым бұл менің өз ойым ,сөзім бұрмаланып кетпесін, сайланса сөзінде тұратын қыз" деген пікір жазған жұрт Баян Мақсатқызының депутат болғанын қалайтындарын жеткізуде.