Асхат Аймағамбетов қоғамды дүрліктірген мәселеге қатысты мәлімдеме жасады

Асхат Аймағамбетов қоғамды дүрліктірген мәселеге қатысты мәлімдеме жасады

Жаңа оқу жылының алғашқы күнінен басталған шу әлі басылар емес. Мектеп оқушыларының оқуға хиджаб киіп баруына салынған тыйым елдегі діни сенімдегі кісілердің наразылығын оятып, шулап жатыр. Тіпті бір мұғалім хиджабқа рұқсат бермеген Қазақстанға азап келсін деген қарғысын жаудырды. Осы мәселеге байланысты бұрынғы білім министрі, қазіргі депутат Асхат Аймағамбетов өз пікірін білдірді деп жазады Democrat.kz.

Өз сөзінде Асхат Аймағамбетов: "Қазақстанның азаматы Қазақстан туралы мынадай келеңсіз нәрсе айтатын болса, оны қабылдауға болмайды. Өз ішімізде дауласып, пікірлер айтуға болады.

Бірақ өз еліңе жамандық тілеу - ақылға қонымсыз. Бұл үшін жауапкершілік болуы керек. Әсіресе, ондай сөзді білім саласының адамы айтып тұрса...оны тексереді деп ойлаймын. 

Ал хиджаб мәселесіне қатысты бұған дейін талай рет айттым. Айтылған нәрсеге қайта-қайта оралып, пікір білдіргім келмейді", - деді. 

Барлық жаңалықтар