Астанада пәтерді бір емес, бірнеше адамға сатқан: үлескерлерге мүлік қайтарылып жатыр

Астанада пәтерді бір емес, бірнеше адамға сатқан: үлескерлерге мүлік қайтарылып жатыр

Астанадағы Qyran тұрғын үй кешенінде пәтерлер мен паркингтерді жалған келісімдер арқылы сатқан компания қызметкерлерінің ісінде зардап шеккендерге мүлік қайтарыла бастады. Сот 35 адамның 2,2 млрд теңгеден астам талабын қанағаттандырды, деп жазады Democrat.kz.

Қаржылық мониторинг агенттігі Qyran тұрғын үй кешеніндегі алаяқтық ісінен кейінгі мүлікті қайтару процесі туралы жаңа мәлімет берді.

Тергеу нұсқасы бойынша компания қызметкерлері жылжымайтын мүлікті сату кезінде толық сатып алу-сату шарттарының орнына броньдау, кепілақы және алдын ала келісім құжаттарын рәсімдеген.

Нәтижесінде кейбір пәтерлер мен паркинг орындары бірнеше рет сатылған.

Іс бойынша келтірілген жалпы залал 3 млрд теңгеден асты.

Сот 35 жәбірленушінің жалпы сомасы 2,2 млрд теңгеден асатын азаматтық талаптарын қанағаттандырды. Сонымен бірге International Invest Company пайдасына 3,9 млрд теңге өндіру туралы шешім қабылданған.

Зардап шеккендерге құны шамамен 1,3 млрд теңге болатын 78 жылжымайтын мүлік нысаны берілді. Тағы 73 нысан адал сатып алушыларға табысталған.

Іс фигуранттары бұған дейін 8 жылдан 9 жылға дейін бас бостандығынан айырылған. 

Барлық жаңалықтар