"Атпен сүйреп өлтірген": Айзаттың өліміне қатысты тағы бір құпия ашылды

"Атпен сүйреп өлтірген": Айзаттың өліміне қатысты тағы бір құпия ашылды

Журналист Руслан Өтепбаймен сұхбатында марқұм Айзаттың құрбысы Мадина Қайратқызы жұртқа беймәлім құпиямен бөлісті деп жазады Democrat.kz.

"Айзат екеуміз 2013 жылы медколледжде танысып, дос болып, араласып келдік. Айзаттың ұзату, үйлену тойында да болдым. 

Айзат айбармен қыз-жігіт болып жүргенде, Айзат Айбарды қатты сүйгені сондай, оның қыдырымпаздығын да кешіретін. 

Екеуі 2-3 жылдай кездесіп жүрді. Айзат екеуміз көрші тұрдық. Есімде, бір күні Айзаттың үйіне бара қалғанымда, көңіл-күйі жоқ екен. 

Сол кезде аяқ-санының көгергенін көрдім. Не болғанын сұрағанымда, "Айбар екеуміз ұрсып қалып, мені итеріп жіберді" деді. Сол кезде- ақ "Айзат, соған күйеуге шықпай-ақ қойшы" деп қанша рет айттым. Тіпті ұзатылардың алдында келгенінде де "Айзат, сені жүріп жүріп қол жұмсаған адамға күйеуге тимеші" деп қанша рет айттым. 

"Жоқ, Мадина, мен оны, ол мені сүйеді" деп еді. 

Кейін үйленген соң да маған жиі келіп тұратын. "Айбар өзгеріп жүр. Бізде бәрі жақсы, жақында қалаға көшеміз" дейтін. Ешқашан шағым айтқан емес" деген Мадина Қайратқызы құрбысы Айзат күйеуінің туыстарымен қарым-қатынасы өте жақсы болғанын жиі айтқанын еске алды

 

 

Барлық жаңалықтар