Жетісу облысындағы адам сенгісіз ауыр азапта көз жұмған Айзат пен күйеуі айбар туралы тағы бір ақпарат шықты деп жазады Democrat.kz.
Айбардың нағашысы болған оқиға туралы өз білгенімен бөлісті. "Айбардан сұрадым, бұл қалай болды деп. "Білмеймін" дейді. "Қалай жасағанымды білмеймін" дей береді.
Тергеушінің жанында сөйлестік. "Әке-шешеңе енді не болады, мұның қалай?" деп сұрадым. Мардымды жауап бере алмады.
Айзат пен Айбардың қарым-қатынасы жақсы болған. Айзат алтындай келін еді. Өте жақсы келін еді", - деген Айбардың нағашысы "келіннен еш кінә болмады" деді.