Атырау облысында із-түссіз кеткен отбасы ісіне қатысты өзгерістердің бар-жоғы нақтыланды деп жазады Democrat.kz.
Атырау облысы полиция департаментінің ресми өкілі Мейірім Ердәулет журналист Руслан Өтепбайға берген сұхбатында тергеу барысына қатысты жаңа мәліметтерді жария етті.
Оның айтуынша, отбасының күйеу баласы қазір күдікті ретінде халықаралық іздеуге жарияланған. Ал Ақбаян ресми түрде із-түссіз жоғалған адам ретінде есепке алынып, іздестіріліп жатыр.
Полиция өкілінің сөзінше, «бұл отбасының күйеу баласы қазіргі таңда күдікті ретінде халықаралық іздеуде тұр. Ал Ақбаян із-түссіз жоғалғандардың есебінде».
Сонымен қатар ведомство олардың нақты қай елде жүргенін ресми түрде растамаған. Дегенмен, «аталған азаматтардың Атыраудан Шымкентке, одан әрі Өзбекстан арқылы басқа елдерге шыққаны ресми түрде анықталды», – деді Мейірім Ердәулет.
"Мені сотқа беріп жатыр": Атыраудағы іске күдіктінің анасы сұмдық жайтты айтты
"Ақбаян ақыл-есін жоғалтты": Атыраудағы трагедияға қатысты ел естімеген дерек шықты