«Атырау – Ақтөбе» бағытындағы №691/692 жолаушылар пойызында ер адам көз жұмды. Қайғылы оқиға 13 шілде күні пойыз Қандыағаш – Ақтөбе теміржол учаскесінде келе жатқанда орын алған деп жазады Democrat.kz.
Тексеріс барысында қаза тапқан азаматтың пойызда ешқандай жол жүру билетінсіз сапарлап бара жатқаны анықталды. Қазіргі уақытта құқық қорғау органдары оқиғаның мән-жайын мұқият тексеріп жатыр. Көліктегі полиция департаментінің хабарлауынша, аталған факті бойынша ресми тергеу амалдары басталды.
«Атырау – Ақтөбе» бағытындағы жолаушылар пойызында адамның кенеттен қайтыс болуы дерегі бойынша Ақтөбе станциясындағы желілік полиция бөлімі қылмыстық іс қозғады. Қазіргі уақытта қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.
Алдын ала қойылған диагноз — екіжақты пневмония. Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес, өзге ақпарат жария етуге жатпайды», — деп мәлімдеді Көліктегі полиция департаменті.