Әуежайда екі ұшақ соқтығысты

Әуежайда екі ұшақ соқтығысты

АҚШ-тағы Колорадо штатында әуежайға қону сәтінде екі жолаушы ұшағы ауада соқтығысты, деп хабарлайды Democrat.kz CNN сайтына сілтеме жасап.

Оқиға жексенбі күні таңертең болған. Cessna 172 және Extra Flugzeugbau EA300 маркалы әуе кемелері қонуға әрекеттенген кезде бір-бірімен соқтығысып, нәтижесінде әр ұшақта екі адамнан болғаны нақтыланды. Апат салдарынан бір адам қаза тауып, тағы үшеуі жарақат алды.

Broadcastify платформасында жарияланған құтқарушылардың радиожазбасында апат орнында "қара түтін" мен "жалын" байқалғаны айтылады. Сонымен қатар ұшақтардың бірінде адам қалып қойғаны хабарланған.

 

Барлық жаңалықтар