"Баян перзентханада "ауысып кетіп" шу болған" дейді продюсердің шешесі (ВИДЕО)

"Баян перзентханада "ауысып кетіп" шу болған" дейді продюсердің шешесі (ВИДЕО)

Танымал продюсер Баян Алагөзованың анасы Гүлжамал Мұхитдинова перзентханада болған оқиғаны еске алып, айтып берді деп жазады Democrat.kz.

"Баянды өмірге әкелгенімде бір қызық оқиға болды. Босанып жатқанымда "сіз қыз тудыңыз. Қыз тууды қалап па едіңіз?" деп акушер сұрады. "Ұл тусам деп едім" дедім. Дәрігерлер "қыз тудыңыз" деп сәбиімді көрсетті.

Содан бір кезде күйеуім сырттан хат жолдапты. "Ұлымыз болды. Батыр ұл етіп өсіреміз" деп жазыпты. Сол хаттың екінші бетіне "біздің қызымыз дүниеге келді" деп жазып жібердім.

Содан шу басталды ғой. Ата-енем, туыстарымыз "ұл туды" деп тойлап жатқан ғой. "Қыз" дегенді ести салып, бәрі перзентханаға келіп, "ұл деген еді, қалай енді "қыз" деп жатырсыңдар?" деп шу шығарып, комиссия құрып, қызық болған. 

"Сәбилерді ауыстырып жіберген" деп туыстар шулайды. "Жоқ, мен қыз тудым. Өзім көрдім. Иығында қара меңі бар" деп мен шырылдаймын. 

Сөйтсек, сәбидің қолына байлайтын жіпке медбике шатысып, "Мұхитдинова - ұл" деп жазып жіберген ғой. Міне, Баянның өмірге келуінің өзі осындай қызық болған", - дейді продюсердің анасы. 

Барлық жаңалықтар