Әлеуметтік желідегі тікелей эфирде күнде пікір таластырып отыратын қазақстандық атеистер мен діндарлар өзара бәс тігіп, сөз байласты деп жазады Democrat.kz.
ТикТокта "Найман" деген атпен танымал тиктокер тікелей эфирде айтылған сөздерді хабарлап, "он бес күнді" күтейік деді.
"Макклауд" деген тиктокердің тікелей эфирінде кеше "НВК" деген атпен тіркелген жігіт егер Алланың бар екенін дәлелдейтін болса, екі миллион теңгені мүслімдерге таратып беретінін айтты.
Ал егер имам, діндарлар Алланың бар екенін дәлелдей алмаса, ек миллион теңгені атеистерге таратып беретін болып, келісті" дейді тиктокер Найман.