Бейіттегі беймәлім дүниелер жұртты таңғалдырды

Бейіттегі беймәлім дүниелер жұртты таңғалдырды

ТикТок желісінде Бекен Нарбай атты желі қолданушы бейіт басында өзі куә болған тылсым жағдайлар туралы видео түсіріп, көпшілікке сұрау салды деп жазады Democrat.kz.

Бекен Нарбай өзінің аталары мен апалары, туыстары жатқан зиратта ерекше бір құбылысқа тап болғанын айтады. 

"Ауылдағы зиратқа бардым. Туыстарымыздың басына барып, дұға бағыштап отырып, кенет әжеміздің бейітінің басында шашылып жатқан ыдыс сынықтарын көрдім.

Содан кейін басқа қабірлерді де аралап көрдім. Байқағаным, әйел баласы жатқан қабірлердің топырақтарында осындай ыдыс сынықтары шашылып жатыр.

Ал еркек кісі жатқан қабірлерде мұндай сынық ыдыстар мүлде жоқ. Есімде, анам қайтыс болғанда, көрді қазғаныызда, үлкен ыдыс сынықтары шыққан еді. Бұл қандай тылсым?" Деген Бекен Нарбай жұртқа сұрау салды. 

Видеоға қатысты жұрт "қорымның астында қала болған шығар", "бәлкім сәйкестік шығар", "бір тылсым күш бар сияқты" дегенге саятын пікірлер жазуда. 

Барлық жаңалықтар