Танымал коуч Айнұр Тұрсынбаева әлеуметтік желідегі жалған сипаттар туралы жазба жариялап, ағынан жарылды деп жазады Democrat.kz.
"Бұл дүние жалған деп жатамыз.. Жалғандықтың көкесі инстаграмда..! Өліп кетсек те шынайы түрді салмаймыз ғой..100 сэлфи.. “Ойбай, бетім табақтай, ойбай, безеуім көрініп қалды, ойбай, жалпиып тұрмын” деп ең әдемі, ең өтірік фотоны фук еткіземіз...
Қонақта отырсақ тағы сол..100 фото.. “ойбай, дастарxанда дым жоқ боп тұр, ойбай, стақанды алып таста,темекіні құрт”... Суретке түспейтін күйеуін қинап отырғызып, қинап күлдіріп, қинап құшақтасып суретке түсетіндер бар...
Ол байқұс күйеу әрең жымиып отырады ғой сол... Қарасаң керемет жанұя! Күн сайын сыйлық сыйлап, күн сайын жадырап фотоға түсіп жатыр ма деп қаласың...
Жұрт қайдан білсін бір макияжбен 1000 фото жасап алатынымызды...Туған күн иесіне келген букеттерге ыстық пирожкиге таласқандай таласып сэлфиге түсіп алу....
Оны жанағы туған күн ұмытылды-ау дегенде салу... Астына бақыт туралы дайын цитатаны көшіріп жазу...(құдайға шүкір, гүл беретін адамым бар деген мақтаныш..)
Тізесі шығып кеткен трикомен диванда басымыз қазандай боп жатып телефоннан гламурный фото іздеп есіміз шығады ғой...
Дәл қазір менің тапқаным осы видео болды... Ал шындығында, түнімен телефонда отырып, кешке дейін ұйықтап бет аузым ісіп, әпкем дайындап кеткен сорпаны ішіп, шашым жалбырап шаршап жатырмын...
Айтайын дегенім инстаграмдағы әркімнің жарқ-жұрқ еткен өміріне қызықпаңыз...Сіз одан әлдеқайда бақытты болуыңыз мүмкін... Күліп тұрған көздің астында мұң жатуы мүмкін...
Қымбат көйлек пен қымбат көліктің астында қаптаған қарыз жатуы мүмкін.. Бәрі де мүмкін... Айтпақшы, кеше қоштасқан ғашықтардың бір-біріне ерегісіп жазған, басқа адам табылды, өмір керемет, бақыттымын деген посттары общым өтірік енді... Сіздер де сөйтесіздер ме осы???"деп жазды коуч.