ТикТок әлеуметтік желісінде Sali деген атпен парақша ашқан келіншек Тұрсынбек Қабатовтың тоқалы атанған Айман туралы жұрт білмейтін шындықты айтып, әзілкешке ескерту жасады деп жазады Democrat.kz.
"Айналайын Тұрсынбек, сен дара туған баласың. Ауылдан шыққан, ауылдың өте нәзік әзілін бізге алып келдің.
Мен әзілді қарамайтын адаммын. Өзіңді көріп, марқайып мәз болатынмын. Тұрсынбек, сенен өтініш, сені түсінем, бірақ халық түсінбейді.
Бізде екі әйел алу деген жоқ. Сен он төрт жылдан бері Мөлдірмен жүргенің, екінші әйелмен бірге тұрғаның...Мөлдірді де қимайсың, бес бала бар.
Бірақ Айманды да кездестіріп қалдың. Сені сыйлайтын себебім, ол Айманды да қыздай алмай, бір келіншекті бақытты қылып отырсың.
Ажырасқан, бір баласымен алып, Қазақстанның бір әйелін бақытты қылып отырсың. Бірақ сенің қолыңнан келмеді. Мөлдірді де, Айманды да ұстауға", деп өтінішін бастаған әйел Тұрсынбектен тоқалын тізгіндеп ұстауды өтінді.
"Екі әйел екі жақтап тарып, ақырында бірі жеңді. Енді мына Мөлдір өз балаларына нан табу үшін атақты болуға мәжбүр болды.
Ал енді мына қазіргі келіншегің Айман, өтініш, сен Айманның қасында тұрып жатырсың ғой, Мөлдірдің емес.
Айманға түсіндіріп айтуың керек қой, "енді сен мені жеңдің, алдың, енді сен тыныш отыр" деп. Айманға сыртқа шықпасын, көрінбесін демеймін. Бірақ "Тұрсынбектің Айманы" деп ашып жатыр.
Оған жұрт түрлі жаман нәрселер жазып жатыр. Қарғап жатыр. Оның бәрін арқалап жүру адамның психикасына тура келмейді. Айналайын, өтініш, мына соғысты тоқтатыңдар" деген тиктокер келіншек балалардың көз жасынан қорқуды да
Әзірге бұл келіншектің видеосы мен айтқандарына қатысты Тұрсынбек Қабатовтан да, Айманнан да ресми берілген жауап болмады.
Видеоға қатысты жұрт төмендегідей пікір жазып, жағаларын ұстауда:


