Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов Қазақстан мектептеріндегі БЖБ және ТЖБ жүйесі толық алып тасталмайтынын айтты деп хабарлайды Democrat.kz.
Бұрынғы білім министрі Асхат Аймағамбетов "бжб", "тжб"-ларды толық жою үшін бүкіл жаңартылған білім беру жүйесін өзгерту керек. Ондай үлкен өзгеріске дайынбыз ба – күмән бар», – деді.
Мұнан бөлек Асхат Аймағамбетов білім саласындағы бақылау жұмыстарының маңызды екенін айтып, "әйтсе де, бақылаудан да маңыздысы бағалау тәсілі" екенін баса айтты.
Еске салып өтейік, бұған дейін Оқу ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова мектептерде БЖБ (бөлім бойынша жиынтық бағалау) және ТЖБ (тоқсандық жиынтық бағалау) жүйесі қайта қаралуы мүмкін екенін айтқан еді.