"Бөлелер көптеп үйленіп жатыр" деген имам масқара жағдайды айтты

"Бөлелер көптеп үйленіп жатыр" деген имам масқара жағдайды айтты

Танымал имам Нұрлан Асанов журналист Ләйлә Сұлтанқызына берген сұхбатында ел ішінде болып жатқан дәстүрді жоятын сұмдық жағдайларды баяндады деп жазады Democrat.kz.

Нұрлан имам қазіргі кезде кей аймақтарда ұлттық құндылықтарымыз бен кей дәстүрлерімізді мансұқтап, тіпті жоюға бағытталған әрекеттер жүріп жатқанын айтады. 

"Қазіргі кезде өзге ұлтпен ұйыса тұрып жатқан аймақтарда бөлелердің өзара үйленуі үрдісі қарқын алды. Мұнан бөлек неке қиюдағы қазақтың өзіндік дәстүрлері де жойылып бара жатыр. 

Мысалы, неке қиғанда ішкізілетін неке суы қазір мүлде берілмейді. Әйтсе де, бұл неке суын ішкізуде тұрған ештеңе жоқ. Екі жастың арасы судай таза, тәтті болсын деген ырыммен ішкізілетін. 

Біз барынша шариғат пен ұлттық дәстүрімізді барынша байланыстыруымыз керек", деген имам жойылып бара жатқан дәстүрлерімізді қорғап қалу керегін айтады. 

Барлық жаңалықтар