"Бүкіл сәбиге ДНҚ тесті тегін жасалсын!"деген тиктокер үндеу жасады

"Бүкіл сәбиге ДНҚ тесті тегін жасалсын!"деген тиктокер үндеу жасады

Әлеуметтік желіде тиктокер билік өкілдеріне үндеу жасап, "ДНК мәселесін" міндеттеуді сұрады деп жазады Democrat.kz.

"Әрбір перзентханадан шыққан сәбиге ДНК тесті жасалып, әкесінің кім екені, шешесінің кім екені анықталып, соның арнайы құжаты берілгені дұрыс.

Осыны бүкіл қазақстандық еркектер болып талап етейік! Депутаттар осыны ұсынып, заңмен бекітіп берсін. ДНК тесті тегін жасалсын. Әйелдің көзімізге шөп салған, салмағаны содан белгілі болады" деген тиктокердің тілегі сынға да ұшырады, қолдау да тапты. 

"Дұрыс, солай ету керек!"деп атойлап шыққан еркектер қауымын "өте дұрыс, сондай талап жасалса, күйеуіміздің де қай жақта балалары туылып жатқанын біліп отырамыз" деген әйелдердің пікірі дір еткізді. 

 

Барлық жаңалықтар