Кезінде өзі сәләфи жігіттердің әйелі болған, танымал блогер Рания Мұхамбетжан әлеуметтік желіде сәләфи ағымында жүргендермен күресіп, бетперделерін сыпыратынын мәлімдеді деп жазады Democrat.kz.
Раяна Мұхамбетжанқызы сәләфилердің елімізде қандай сорақы тірліктермен айналысып жүргенін әшкерелеп: "Сәләфилер қыздарды пайдаланып, 200 мың теңге махр беріп, тоқал етуде. Жағдайы жоқ, жетім, жуас қыздарды, хиджаб кимейтін қыздарды құрығына түсіріп алады. Қиналып жүрген қыздардың "жанды жерінен ұстап" тоқал етеді.
Жетім қыздарды пайдаланады. Сәләфилермен соғысқа тәуекел етіп шықтым! "Әл Фаттах" деген жеңісті мен тігемін. "Аллаһтан қорық, Аллаһқа тапсыр" дегенге әбден есіріп алғансыңдар!", - деп ашуға беріліп, сталкинг, буллингтің көкесі діндарлардың арасында екенін айтты.