Бұл соғыста Иранды қолдап, Израильге кектену - ақымақтық

Бұл соғыста Иранды қолдап, Израильге кектену - ақымақтық

Иранның ең бай 300 имам-молдалар әулеті Иран елінің 60% байлығын қалталарына басып отыр, халықпен бөліспей.

Бұл менің сөзім емес, бұл Иранның бұрынғы президенті Махмұд Ахмадинежадтың сөзі. 60% дегені Иранның діни көсемі Әли Хаменеидің шамына тимеу үшін кемітілген көрсеткіш. Өйткені Хаменеидің жеке байлығын тіпті есептеугеде келмейді. Естеріңде болсын, олар сендерге қасиетті кітап беріп қалталарыңдағы ақшаң мен адамдық еркіндігіңді ауыстырып алады. Олар сендерді өлген соңғы жұмақпен сүйіншілеп, ал өздері өлмей тұрып жер бетіндегі жұмаққа кіреді. Адамға құл болмайын десеңдер, еркін әрі тәуелсіз ойлау қабілеттеріңді жетілдіріңдер. Өйткені олардың аузындағы Періштесі Шайтан, ал Шайтан дегені Періште боп шығады. Білсең тек шайтан ғана байлық үшін өтірік айтады. Соңында мына Украинаны қолдап қоса Иран үшін еңірейтін шизофрен достарыма айтарым, Иран өз халқын езіп отырған сұмырай ел. Ол Украинаға шабуыл жасап жатқан Ресейдің одақтасы, әрі Қытайдың орта шығыстағы мызғымас серіктесі. Тарихта қызыл бастар Орта Азияға үздіксіз шабуыл жасап, арабтарға көшпенділерді тұтқындап, құлдыққа сатқан зұлым ел. Егер бір мәселе жөнінде екі ойлы боп шешімін таппасаң, онда тарихқа қара, өйткені тарих үнемі қайталанып тұрады. Осындай елдің ірің жүйесі үшін алыстағы еш қаупі жоқ Израильге кектену жындының ісі емес пе? Израил Украинаға көмек көрсетіп отырған ел, біздің Ресейдің түрмесінен босауымызға пайдасы болмаса, не зиянын көрдің ақымағым? Қайрат РЕКАЗ, қоғам белсендісі. Фото интернеттен.
Барлық жаңалықтар