"Бұлай боларын білмедім" деген Мөлдір Мұқанова тоқалдың әрекетіне таңғалған сияқты

"Бұлай боларын білмедім" деген Мөлдір Мұқанова тоқалдың әрекетіне таңғалған сияқты

Белгілі продюсер Мөлдір Мұқанова әлеуметтік желідегі парақшасында жазба жариялап, көпшілікті ойландырып қойды деп жазады Democrat.kz.

"Бұлай боларын білмедім... Неожиданно!!!" Деген жазба жариялаған Мөлдір Мұқанның мұнысын жұрт әр нәрсеге жоруда. 

"Тұрсынбек пен тоқалы ажырасып кетті, соған қатысты таңғалып айтып отыр", "Мөлдірдің өзі тоқалдың бұлай тез сынатынын күтпеген сияқты ғой", "расымен де күтпеген жағдай болды бәрі" дегенге саятын пікір жазған жұрт ақ тілектерін жаудыруда. 

Еске салып өтейік, Тұрсынбектің тоқалы деген атпен танылған Айман Талғатқызы бір сәтте әлеуметтік желіден жоғалып кеткен еді. 

Артынша, Тұрсынбек Қабатов та желідегі парақшасында кезінде өшіріп тастаған бұрынғы Мөлдірмен түскен суреттерін қайта жариялай бастады. 

Екі тараптың осындай әрекеттерін жіті бақылап отырған жұрт Тұрсынбек пен Мөлдірдің қайта табысқанын болжап отыр. 

Барлық жаңалықтар