Әлеуметтік желілер мен ақпарат көздерінде бұрынғы Әділет министрі Марат Бекетаевтың түрмедегі жағдайына қатысты шулы ақпарат тарап жатыр деп жазады Democrat.kz.
Мәліметтерге сәйкес, ол қамауда да өзінің бұрынғы лауазымды статусын пайдаланып, «хан сияқты» шалқып отырған көрінеді.
Тіпті, өзінің камераластарына еден жуғызып, қоқан-лоқы көрсететіні айтылуда.
Бұл жайт қоғам ішінде үлкен наразылық тудырды. Желі қолданушылары: «Бұлар түрмеге барса да түзетілмейді екен, қайта темір тордың артында да қарапайым халыққа күн көрсетпей отыр», -деп кейістік білдіруде. Тіпті заң алдында жауап беріп жатқан шенеуніктердің мұндай әрекеті қоғамның ашу-ызасын туғызып отыр.