"Дәрігер мамандығын таңдамаңдар!": Дәрігер үндеу жасады

"Дәрігер мамандығын таңдамаңдар!": Дәрігер үндеу жасады
Сымбат есімді дәрігер медицина университетінде оқығысы келетін, дәрігер болғысы келетін жастарға арнап үндеу жасады деп жазады Democrat.kz. 
 
"Құрметті мені оқып отырған ӘРБІР жас түлек! Дәрігер ретінде айтарым, медицина саласына келмей ақ қойыңыз. Бізді кез келген жерде ұрып тастауы мүмкін, өлтіріп кете салуы мүмкін , тіпті заң да ешнәрсе жасай алмайды.
 
Алатын айлығың жасап жатқан жұмысыңа , әр пациентті уайымдап, хабарласып, қалай жағдайын жақсартсам деген ойыңа, тіпті түнде түсіңе кіріп пациенттерің, солай жасаған жұмысыңа алатын айлығың шайлығыңа жетпей жүргенде, бұл мамандықтан есің барда еліңді тауып қаш деймін!!!"деп жазды дәрігер Сымбат. 
 
Алайда дәрігердің бұл жазбасы оқырмандарына ұнай қоймады ма, әлде сөздің төркінін түсінбеді ме, "сендердің кесіріңнен қаншама кісі өлді", "міндетсінбеші", "ажал келсе, министр де өледі", "алты жыл оқығандарыңды қайтейін, сауатсызсыңдар" дегенге саятын пікір жазуда. 
 
 
 
 
 
 
 
 
Барлық жаңалықтар