"Дикий Арманның" түрмедегі жағдайы туралы видео елді таңғалдырды

"Дикий Арманның" түрмедегі жағдайы туралы видео елді таңғалдырды

"Дикий Арман" лақап атымен танылған, Қаңтар оқиғасынан кейін 20 жылға бас бостандығынан айырылған Арман Жұмагелдиевтің видеосы әлеуметтік желіде тарады, деп жазады Democrat.kz. сайты kznews.kz.-ке сілтеме жасап.

Бейнежазбада ол өз ұстанымын айтып, істің шындығы бір күні ашылатынына сенім білдірген. Жұмагелдиев өзіне тағылған айыптармен келіспейтінін жеткізіп, мемлекетке де, халыққа да қарсы әрекет етпегенін айтты.

"Шындық ерте ме, кеш пе ортаға шығады. Құран ұстап тұрып ант етемін. Ешқандай қастандық болған емес, мемлекет пен халыққа қарсы шыққан емеспін. Не істесем де, бәрін Алла мен халық үшін істедім", – дейді Арман Жұмагелдиев тараған видеода.

Барлық жаңалықтар