Танымал тележүргізуші Динара Сәтжан күйеуі Жұмабек Жанықұловпен қол ұстасқан видеосын желіге жариялап, елдің талқысына түсті, деп жазады Democrat.kz.
Кәсіпкер мен тележүргізуші арнайы кешке қонаққа барған.
"Астанада жаңа форматтағы ерекше мейрамхана ашылды. Өскемендік рестораторлар елордада «нео-қазақ» асханасын ұсынатын алғашқы жобалардың бірін іске қосты. Жаңа мекеме – @asai.restaurant – заманауи бағыттағы ұлттық ас мәзірімен ерекшеленеді. Жоба авторларының айтуынша, бұл бастама дәстүрлі қазақ тағамдарын жаңа интерпретацияда ұсынуға бағытталған, - деп жазды Динара Сәтжан.
Осы тұста TikTok қолданушылары түрлі пікір жазды. Желідегілердің көп бөлігі Динараны құрбысы Баянмен салыстырған.
"Баянды көшірудің қажеті жоқ. Өз өміріңізді сүріңіз", "Баян мен Динара қырықтан кейін де бақыт табуға болатынын дәлелдеді", "Тұрсын Алагөзов сияқты стильді киінсе, жарасар еді", "Баян екеуіңіз қандай техниканы қолдандыңыздар?", деді олар.