Мектеп директорының ұстаздарды қар тазалап, шұңқыр қазуға шақырған хабарламасы әлеуметтік желіде қызу талқыға түсті деп жазады Democrat.kz.
Әлеуметтік желіде тараған хабарламада мектеп директоры демалыс күні мұғалімдерді мектеп айналасын қардан тазартып, шұңқыр қазуға шақырған.
"Демалыста балаларыңды тастайтын жерді алдын ала жоспарлап, жұмысқа сақадай сай дайындықпен келуді" бұйырған бұл хабарлама қазақстандық чатта емес, көрші елде тараған сыңайлы.
Десек те, қазақстандық әріптестері секілді орысша жазған мұғалімдер директордың бұл хабарламасына ренішін білдіріп, түрлі пікір жазуда.
