"Директордың баласы бағасын жөндетіп, қызыл аттестат алды" дейді ашынған мұғалім (ВИДЕО)

"Директордың баласы бағасын жөндетіп, қызыл аттестат алды" дейді ашынған мұғалім (ВИДЕО)

ТикТок әлеуметтік желісінде Meruert деген атпен тіркелген желі қолданушы мектепте болған әділетсіздікке күйініп, видео жариялады деп жазады Democrat.kz.

Видео иесінің жазбасына қарағанда, мектеп директорының ұлы "Биология" пәнінен бағасы "4" болғанына қарамастан, қызыл аттестат алған. 

"Менің сабағымнан "4" алған. Соны жөндетіп, "5" қойдырып, директор баласына ұялмай қызыл аттестат әперіп отыр" деп жазады видео авторы. 

Бұл видеоға қатысты жұрт "әдейі ерегісіп баға қоймайтын біреу шығарсың?", "директор мен мұғалімнің балалары алады ғой қызылды", "әділетсіздік қой бұл", " не болды сонша, "5" қоя салсаң нең кетеді" деген сыңайда пікір жазуда. 

Фото интернеттен. 

Барлық жаңалықтар