Директордың туған күніне, мұғалімнің сағатына қыруар ақша жиналуда

Директордың туған күніне, мұғалімнің сағатына қыруар ақша жиналуда
Қоғам белсендісі Ақылбек Ибраев тиісті органдардың назарына арнап арнайы жазба жариялады деп жазады Democrat.kz.
Ақылбек Ибраев өз жазбасында білім саласындағы кезекті былықтар туралы деректерді жариялады. 
 
"1. Директордың туған күніне тамыз айында 10 мың теңгеден ақша жиналды.
2. Жаңа сынып ашу үшін оқу ісі жөніндегі орынбасар сағатына қарай әр мұғалімнен 10 мың теңгеден жинатып жатыр (мұғалімдерде аударған чектері бар,оқу завучының айтуымен бір мұғалім жинап жүр)
 
3. Кабинеттерге жальюз, плинтус, лампаны өз қаражаттарыңнан сатып алыңдар деп мәжбүрлі түрде директор жасатуда.
4. Директор мұғалімнің мәртебесін ысырып қойып, көпшілік алдында ар-намысына тиетін сөз айтады.
 
5. Спорт залға жөндеу жұмыстарына тендерді директордың інісі жеңіп алған ау, себебі дене шынықтыру пән мұғалімдерін өздерінің келісімінсіз,жұмысқа салып жатыр
 
6. Декреттен түскен мұғалімдерден ақша алады.
7. Мәжбүрлі түрде газетке жаздырады.
8. Оқу ісі жөніндегі орынбасар мұғалімнің келісімінсіз, екі мезгіл жүруге мәжбүрлеп жатыр" деп жазды Акылбек Ибраев.
Барлық жаңалықтар