Доллар түсіп, теңге қайта нығайды

Доллар түсіп, теңге қайта нығайды

Қазақстан қор биржасындағы 24 қыркүйек саудасының қорытындысында доллардың орташа бағамы 441,89 теңгеге дейін төмендеді. Бір тәуліктің ішінде АҚШ валютасы тағы 3,6 теңгеге арзандады, деп жазады Democrat.kz.

24 қыркүйектегі KASE саудасында теңгенің нығаюы таңертеңнен байқалды. Сағат 11:00-де доллардың орташа бағамы 442,28 теңге болған.

Күндізгі сауда қорытындысында көрсеткіш 441,89 теңгеге дейін түсті.

24 қыркүйекке Ұлттық банк бекіткен ресми бағам — бір доллар үшін 445,65 теңге. Осылайша биржадағы нарықтық баға ресми бағамнан да төмен қалыптасты.

Айырбастау пункттерінде долларды орта есеппен 441–442 теңгеден сатып алып, 443–444 теңгеден сатып жатыр.

Еуроны сатып алу бағасы шамамен 500–502 теңге, сату бағасы 504–507 теңге аралығында болды. 

Барлық жаңалықтар