Нұрсұлтан Назарбаев Каспийдегі қасіретке байланысты көңіл айтты

Нұрсұлтан Назарбаев Каспийдегі қасіретке байланысты көңіл айтты

Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Маңғыстау облысында әскери оқу-жаттығу кезінде қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасылары мен жақындарына көңіл айтты. Ол қайғылы хабарды зор күйзеліспен қабылдағанын жеткізді, деп жазады Democrat.kz.

Нұрсұлтан Назарбаевтың көңіл айту сөзі оның ресми сайтында жарияланды.

Хабарламада Тұңғыш Президенттің әскери оқу-жаттығу кезінде әскери қызметшілердің қаза болғаны туралы қаралы хабарды терең қайғымен қабылдағаны айтылған.

«Орны толмас қайғыға ортақтаса отырып, қаза тапқандардың туған-туыстары мен жақындарына шын жүректен көңіл айтты», — делінген хабарламада.

Еске салайық, 24 қыркүйекте Маңғыстау облысында Каспий теңізінің жағалауында әскери оқу-жаттығу кезінде ауа райы күрт бұзылып, қатты жел салдарынан әскери қызметшілер теңізге кеткен.

Алғашқы ақпаратта 19 әскери қызметші туралы айтылғанымен, кейін ресми дерек нақтыланып, олардың саны 17 адам екені хабарланды. Алғашқы ресми есеп бойынша 12 әскери қызметші қаза тауып, үшеуі құтқарылған, тағы екі адамды іздеу жалғасқан.

Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін Үкіметтік комиссия құрылып, қылмыстық іс бойынша тергеу басталды.

25 қыркүйек Қазақстанда жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды.

Барлық жаңалықтар