"Екі күнге әйел іздеймін" деген еркектің сұрауы жаға ұстатты

"Екі күнге әйел іздеймін" деген еркектің сұрауы жаға ұстатты

Әлеуметтік желіде екі күнге "әйел рөлін" ойнап беретін келіншек іздеген еркектің сұрауы жұрттың қызу талқысына түсіп, ренішін оятты деп жазады Democrat.kz.

Threads желісін қолданушы: "Сәлем, қыздар, мүмкін келіншектер. Менің бір уайымым бар, соны, былай, көмектесіп жіберсеңіздер екен.

Менің биыл мектеп бітіргеніме отыз жыл, соған қасымда қалқайып жүрсем жүретін, тұрсам тұратын бір жан керек. Екі күнге кім бар екен, ақшасы төленеді. Таразға барамыз", деп жазды. 

Бұл жазбаға "мені алыңызшы жаныңызға" деп жазғандар аз емес. Ал көп адам "масқара, о заман да бұ заман, "муж на час" дегенді естіп едік, әйелді уақытша сұрайтын күнге де жеттік пе"деп ренішін білдіріп жазтқандар аз емес. 

Барлық жаңалықтар