Олжас Бектенов 2026 жылы Үкімет заң шығару жұмысының экономика мен әлеуметтік саланың маңызды аспектілеріне қатысты негізгі бағыттарына баса мән беретінін атап өтті деп жазады Democrat.kz.
Бағыттардың бірі – мемлекеттік мүлікті басқаруды одан әрі жетілдіру.
«Мемлекеттің экономикаға қатысу шегін нақты айқындап, басқару ісіне қатысты құқықтық талаптарды бекітіп алу қажет.
Біз жұмыскерлердің құқықтарын қорғау және әлеуметтік қамсыздандыру жүйесін нығайту үшін нормативтік базаны жетілдіру бағытында белсенді жұмысты жалғастырамыз.
Сондай-ақ мұнай-газ химиясы өнеркәсібін дамытудың жүйелі әрі кешенді тәсілін қамтамасыз ететін заңнамалық бастамалар бар. Келесі жылы барлығы 12 заң жобасын әзірлеу көзделген»,
— деп атап өтті Премьер-министр.