"Енді мүлде қазақша сөйлемеймін!" деген Тәңірберген Бердоңғаров үндеу жасады

"Енді мүлде қазақша сөйлемеймін!" деген Тәңірберген Бердоңғаров үндеу жасады

Бұрынғы шенеунік, қазіргі блогер Тәңірберген Бердоңғаров әлеуметтік желідегі парақшасында қазақ халқына арнап, үндеу жариялады деп жазады Democrat.kz.

Тәңірберген Бердоңғаров қазақ тілі мәселесіне қатысты өз пікірі мен ренішін білдіріп: "Енді ешқашан қазақша контент түсірмеймін. Видеоларымда қазақша сөйлемеймін. Себебі менің қазақша сөйлеп түсірген видеоларыма үнемі "сен қазақша сөйлемеші", "қазақшаны дұрыстап білмейсің, масқара" деген сияқты негатив пікір жазатындар көп. 

Иә, менің қазақшам жетік емес, оны мойындаймын. Алайда қазақшамды жетілдірейін, дұрыстайын деп бар күшімді салып жүргенімді неге ойламасыздар? Меніңше, мен сияқты қазақшаға шорқақ кісілер осындай кемсітушіліктің кесірінен, мазақтаулардың кесірінен қазақ тілінде сөйлеуге деген құлшынысын жоғалтады. 

Мысалы, мен ағылшын тілін білемін. Америкаға барғанымда ешкім "ағылшыншаң масқара" деп мазақтап, күлген емес. Керісінше, дұрыс айта алмаған сөзімді түзетіп, көмектесуге ұмтылатын. Ал бізде мүлде басқаша", - деп, қазақ тілін үйренгісі келетіндердің аяғынан шалмауды, қате сөйлесе, мазақ етпеуге шақырды. 

Барлық жаңалықтар