Түркістан облысының Сарыағаш ауданында мектептен қайтып келе жатқан 12 жастағы қызды белгісіз адамдардың аңдығаны туралы ақпарат тарады деп жазады Democrat.kz.
Оқиғаға қатысты бейнежазбалар аудандық чаттарда жарияланып, тұрғындардың алаңдаушылығын туғызды.
Жергілікті тұрғындардың айтуынша, күдікті азаматтар ұсталып, полиция бөліміне жеткізілген. Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.
Аталған оқиғаға қатысты Сарыағаш аудандық полиция департаменті: Сарыағаш ауданының полициясына жергілікті тұрғыннан көлікпен кетіп бара жатқан бірнеше бейтаныс адамның күмәнді мінез-құлқы туралы хабарлама келіп түсті.
Учаскелік полиция инспекторлары шұғыл іске кірісіп, автокөлікті дереу анықтады. Жүргізуші әйел мен оның жолаушылары бірден полиция бөліміне жеткізілді.
Қазіргі уақытта тараптардың баяндаған ақпараттарын ескере отырып, болған оқиғаның барлық мән-жайларын анықтау бойынша қажетті іс-шаралар жүргізілуде.
Сондай-ақ аталған тұлғалар медициналық куәландыруға жіберілді. Тексеру нәтижелері бойынша тиісті шешім қабылданады.
Өз кезегінде полиция азаматтарды жалған ақпарат таратпауға және тек ресми дереккөздерге сенуге шақырады"деп жауап берді.