"Еркектің төрт әйелі" туралы айтқан әнші Әбдіжаппар жұртты сүйсінтті

"Еркектің төрт әйелі" туралы айтқан әнші Әбдіжаппар жұртты сүйсінтті

Әнші Әбдіжаппар Әлқожа әрбір еркектің төрт ерекше әйелі туралы айтып, әлеуметтік желі қолданушыларды сүйсінтіп, алғыс алды деп жазады Democrat.kz.

Кезекті бір еркін сұхбат барысында әнші Әбдіжаппар Әлқожа: "Әрбір еркектің өмірінде ерекше орны болуға тиіс төрт әйел болады. 

Еркектің өміріндегі бірінші әйел оның анасы. Екіншісі өз әйелі. Үшіншісі қарындасы, ал төртіншісі өз қызы. 

Ешбір еркек бірінші, үшінші, төртінші әйелдерді ешкіммен айырбастап, көздеріне шөп салмайды.

Алайда өкінішке қарай, кей еркектер өміріндегі екінші орындағы өз әйелін басқаға айырбастап, ренжітетіні қалай?"деді. 

Әншінің мынадай терең мағыналы пайымына разы болып, алғысын жаудырып жатқандар "осыны әрбір еркек білсе ғой" десіп жатыр. 

Барлық жаңалықтар