"Есіңіз дұрыс па?!"деген этнограф Аида Қауменоваға шүйлікті

"Есіңіз дұрыс па?!"деген этнограф Аида Қауменоваға шүйлікті

Әлеуметтік желіде қазақтың дәстүрлі ою-өрнектерінің мән-мағынасына арналған видеода танымал этнограф Жанар Мұратова танымал дизайнер Аида Қауменоваға шүйлігіп, сынап тастады деп жазады Democrat.kz.

Этнограф Жанар Мұратова өзінің видео үндеуінде азақтың оюлары жай ғана сәндік элемент емес, халқымыздың дүниетанымы мен мәдени кодын жеткізетін ерекше белгі екенін айтады. Оның сөзінше, бүгінде ұлттық нақыштар киімде, қоғамдық орындарда және түрлі безендіру жұмыстары кезінде жиі қолданылғанымен, олардың мазмұнына әрдайым мән беріле бермейді.

"Аида Қауменова, есіңіз дұрыс па? Менің түсінгенім, сіз ЖИ көмегімен Президентіміздің костюмін оюмен  әрлегенсіз. Ол костюмді сіз тікпедіңіз деп ойлаймын. Мынадай оюлармен тікпеген боларсыз? 

Президенттің, еліміздің нөмірі бірінші адамының киіміне қандай оюды қойғаныңызды білесіз бе? Президентке "кигізген" костюмдегі оюдың аты "итқұйрық". Лайым, видеоинженеріңіздің қателігі шығар. 

Өйткені, біздің қазақта "итқұйрық" оюын еркектің киіміне баспайды", дейді Жанар Мұратова. 

Барлық жаңалықтар