"Гольф ойнайды": Баян Алагөзованың болашақ күйеубаласы кім екені мәлім болды?

"Гольф ойнайды": Баян Алагөзованың болашақ күйеубаласы кім екені мәлім болды?

Таяуда ғана журналист Аман Тасығанға берген сұхбатында қызы Айарудың анау-мынау жігітпен сөз байласпайтыны туралы айтып, біраз сынның астында қалған Баян Алагөзованың болашақ күйеубаласы кім? Осы сұраққа жауап іздеген бе, әлеуметтік желіде Айару Бақытбекқызының бір жігітпен түскен суреті жұрттың қызу талқысына түсті деп жазады Democrat.kz.

Еске салып өтейік, Баян Алагөзова қызы Айарудың ағылшын тілінде ана тіліндей еркін сөйлейтінін, гольф ойынын сүйетінін айтып, болашақ күйеубаласы анау-мынау біреу болмайтынын айтқан еді. 

Продюсердің осы сұхбатынан кейін ТикТок әлеуметтік желісінде Айару Бақытбекқызының бір жігітпен түскен суреті тарап, жұрттың қызу талқысына түсті.

"Гольф ойнайтын күйеубаласы осы ма?", "Баян айтқан терезесі тең болашақ күйеубаласы осы ма?", "Айару екеуі әдемі жарасады екен", "кім болса да, бақытты болсын" деген пікір жазды.

Алайда танитындар суреттегі Аша Матайдың інісі екенін, Айарудың туыс ағасы екенін айтып, даурыққан жұртқа жауап беруде. 

 

 

Барлық жаңалықтар