Гүлзира Айдарбекова немересі Әміренің қырқынан шығаруға нағашылары келгенін айтып, видео жариялап, сынға ұшырады деп жазады Democrat.kz.
"Әміре немереміздің қырқынан шығаруға нағашы ата әжелері келіп қалыпты" деп жазып, видео жариялады Гүлзира ханым.
Оқырмандары қарадан қарап отырып, Гүлзира ханымның құдағиын сынап тастады.
"Құдағи деген ұзын етек көйлек кисе, қайтеді", "шақырылмай, жетіп келген сияқты ғой", "ерте кеп қалдыңдар деді Гүлзира ханым, демек, шақырмаған ғой", "Гүлзира ханым суық амандасты", "осы құдағиы келе береді екен" дегенге саятын пікір жазған жұрт айдаладағы Әміренің нағашы апасын сөзбен сойып тастады.