Актриса Жұлдыз Әбдікәрімова 11-сыныпты бітірген қызының ең қуанышты сәттері бейнеленген видеоны көрсетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Маңызы зор ерекше күн
Ол әлеуметтік желідегі парақшасында тұңғышына ақжарма тілегін жеткізді.
«Бүгінгі күн сен үшін де, мен үшін де маңызы зор ерекше күн. Жыл бойы екеуміз түрлі сынақтардан, эмоциялардан, қызықты сәттерден өттік. Енді міне жемісін теретін кезеңге жеттің. Шүкір! Қадамың оң болғай», - деп жазды Жұлдыз Әбдікәрімова.
Ол қызы 11-сыныпқа көшкеннен бастап толқуы бір сәтке де сейілмегенін айтты.
«Иә, мойындаймын… ана болған соң уайым да болды, дегенмен де қызым, саған деген сенім одан да жоғары болғанын да жасырмаймын. Өзіңмен бірге есейіп өстім, дамыдым!», - деп түйіндеді өнерпаз.
Айта кетері, әнші Қайрат Нұртас пен актриса Жұлдыз Әбдікәрімованың төрт бала тәрбиелеп отыр.