"Я в шоке!" деген Жігер Ауыпбаевты әйелі шалқасынан құлата таңғалдырды

"Я в шоке!" деген Жігер Ауыпбаевты әйелі шалқасынан құлата таңғалдырды

Жақында ғана өзінен 15 жас қызға үйленген әнші Жігер Ауыпбаев әлеуметтік желідегі парақшасында қатты таңғалғанын жазып, видео бөлісті деп жазады Democrat.kz.

Жігер Ауыпбаев әлеуметтік желідегі парақшасында: "Я в шоке!
Бұндай өнері бар екенін білмеппін!
Келіндеріңіз күнне-күнге жаңа қырларын көрсетіп жатыр!
Кішкентай қыздарыңыздың кішкентай ғана өнерін бағалай отырыңыздар", - деп жазып, әйелінің домбырамен ән шырқаған видеосын бөлісті. 

Бұл жолы әншінің оқырмандары жас келіннің өнеріне тамсанып, игі тілектерін жаудырып, "талабын нұр жаусын!" десіп, пікір жазуда. 

Барлық жаңалықтар